Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider

Жаңалықтар

Қаңт
31

Тұрғындардың назарына!

«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша салынған Мәншүк Мәметова көшесі 54 үй 3 корпус, Мәншүк Мәметова көшесі 54 үй 4 корпуста салынған тұрғын үйлерді пайдалануға енгізуге байланысты, екінші деңгейдегі банктер арқылы (Халық банкі, Банк Центр Кредит, АТФ банк, Цесна банк, Евразиялық банк, Банк RBK, «Форте банк» АҚ, «Сбербанк» АҚ) «7-20-25» ипотекалық кредитті тұрғын үй бағдарламасы бойынша іске асырылуда.

Қаңт
04

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан түрғын үй алу үшін кезекте тұрғандар үшін

Екібастұз қаласының әкімдігі атынан «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағыты бойынша Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі,106 мекенжайындағы 41 пәтерді сатып алу жолымен берілетін жалдамалы тұрғын жайға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.
Жетім балалар- ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 31 пәтерге арыз қабылдау, оның:
Бір бөлмелі пәтерге- саны 12 пәтер,
Екі бөлмелі пәтерге – саны 12 пәтер,
Үш бөлмелі пәтерге- 7 пәтер.

Қоғамның әлеуметтік жағынан осал топтары, атап айтсақ:
-көп балалы отбасылар;
-толық емес отбасы;
-мүгедек баласы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасы:
-оралмандар;
-1 және 2 топ мүгедектері;
10 пәтерге арыз қабылданады, оның
Бір бөлмелі пәтерге-саны 5 пәтер,
Үш бөлмелі пәтерге-5 пәтер.
(ай сайынғы жалдамалы төлем пәтердің шаршы метіріне байланысты, 1 бөлмелі пәтерге – 31 535-тен 35 078 теңгеге дейін, 2 бөлмелі пәтерге-46 328 теңгеден – 52 971 теңгеге дейін, 3 бөлмелі пәтерге – 67 493 теңгеден 69 270 теңгеге дейін).

Жалдамалы үй алудан үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1 ) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері (түпнұсқа және көшірмелері);
2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің (түрнұсқа жәнекөшірмелері);
3) ) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама;
4) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
5)жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның сипаттамалары туралы анықтама ( үлестің болуы, саман және қамыс үйлердің, жатақханада бөлменің болуы) және осы жағдайларда құқықтық туындайтынын рас-тайтын құжаттар;
6) Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі;
7) соңғы 12 ай ішіндегі еңбек ақы туралы мәлімет
8) өз қаражатына және (немесе) несиелік қаражатқа тұрғын үйді сатып алуға әзірлігі туралы анықтама;
9) қай санатқа жататындығын растайтын құжат ( толық емес отбасылар – некені бұзу туралы куәлік, әкелікті белгілеу, анасының сөзінен жазылған анықтама, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар- мүгедектік туралы анықтама; оралмандар –оралман куәлігі) ;
10) Электронды-цифрлы қолының болуы (ЭЦҚ).
Бағдарламаға арыз берушілерді таңдау есепке қою мерзімі бойынша пәтердің санына (саны 41) байланысты жүргізіледі.
Төлеу қабілеттілігін дәлелдей алмаған жағдайда, таңдау алдын ала тізімге енгізілген келесі арыз берушілер арқылы іске асатын болды.
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алған қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылады.
Өтініштер 2019 жылғы 10 қаңтардан бастап 25 қаңтар бойынша түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін,мекенжай: Екібастұз қаласы қаласы, Энергетиктер к-сі, 62, 410 каб. қабылданады.

Желт
13

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурс 2019 жылдың «04» ақпанда сағат 15.00-де 141206, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб.406 тел.: 8(7187) 741032, 740552, электрондық пошта: Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек мекенжайында қайтадан өткізілетіні туралы хабарлайды.

Желт
11

«Нұрлы жер» бағдарламасының тұрғын жайға өтініштер қабылдау

Екібастұз қаласының әкімдігі атынан «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» бағдарламасының  «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағыты бойынша Екібастұз  қаласы, Энергетиктер көшесі,106 мекенжайындағы 180 пәтерді сатып алу жолымен берілетін жалдамалы тұрғын жайға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды, соның ішінде: 1 бөлмелі-72, 2 бөлмелі-72, 3 бөлмелі -36 (ай сайынғы жалдамалы төлем пәтердің шаршы метіріне байланысты, 1 бөлмелі пәтерге  – 31 535-тен 35 078 теңгеге дейін, 2 бөлмелі пәтерге-46 328 теңгеден – 52 971 теңгеге дейін, 3 бөлмелі пәтерге – 67 493 теңгеден 69 270 теңгеге дейін).