Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider

Жаңалықтар

Ақп
18

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

2013 жылғы 11 шілдеде « Казахстанская правда » газетінде жарияланған. 
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңы. Осы өзгертулермен жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне тең дәрежеде тұрғын үй берілу басымдылығы қарастырылған.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 74-бабына сәйкес: 
1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi. 
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармаќшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, бөлек тізімдер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үйлер бөлуді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер бөлуді, егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бөлек тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тізімдерінің санына пропорционалды түрде жүргізеді.
3. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. 
4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардыңмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары:
11) толық емес отбасылар жатады.

Ақп
14

Екібастұз өңіріндегі жергілікті автожолдар желілерінің дамуы жөніндегі ақпарат

Екібастұз қаласының аудандық маңызы бар автомобильді желілерінің жалпы ұзындығы 279,4 км. құрайды, олардан 79,4 км қатты жабынмен және 200 км. қатты жабынмен. Соның ішінде Екібастұз-Әуежай-Бесқауға- М.Ж. Көпеев Кесенесі-93,7 км., Екібастұз-КП «Батыр» - Атығай-Саяжай- -45 км., Екібастұз-МАЭС 1-Басқамыс – 62,8 км, МАЭС 1-Төртүй-Тай -53 км., МАЭС- Сарықамыс -24,9 км.

2012-жылы республикалық және облыстық бюджетінің трансферттері есебінен жалпы сомасы 135,7 млн. теңге орташа жөндеу бойынша екі жоба іске асырылған:

1.МАЭС–Басқамыс (таңдамалы 25 км ),
2.МАЭС-1-Төртүй-Тай (таңдамалы24,34км ).
2013 жылы қала бюджетінің қаражатынан осы бағдарлама бойынша сомасы 131,0 млн. теңге «Қала-Стелла» 3,5 км қалаға кірме автожолдарының орташа жөндеуі орындалған.

2013 жылы ұзындығы 6 км аса, жалпы сомасы 73,0 млн. теңге Екібастұз-КП «Батыр», Қала- Саяжай, Қала- Әуежай қалаға кірме автожолдарының орташа жөндеуі орындалған.

Ақп
12

Қондырғы және жолаушының лифтының диагностикасы

Тұрғын халықтың қалыпты өмір сүру жағдайларын және коммуналдық инфрақұрылымының жағдайын жақсарту мақсатында 2013 жылы, бұған 183 млн. теңге бағытталған жолаушылар лифттерінің жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылған.

100 млн. теңге жалпы сомасына 17 жаңа жолаушылар лифттері орнатылған.

(Анықтамалық: Энергетиктер 79,99,105, Шешембеков 11а, 11б, М. Жүсіп 109; 48, 3-кірешек; Сәтбаев 8/2, 1- кірешек; М.Әуезов 47, 1- кірешек; Абай 72, 1, 2,3,4,5,6,7-к. көшелері).

Өзінің нормативтік мерзімін өтеген 72 жолаушылар лифтіне 3 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Диагностика қорытындысы бойынша өзінің нормативтік мерзімін өтеген 33 жолаушылар лифтіне 67 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

(Анықтамалық: М. Жүсіп 80, 1,2,3-кірешек; М. Жүсіп 52/5 1,2,3,5-кірешек; М. Жүсіп 52/4, 1-кірешек; М. Жүсіп 52/2, 1,2,3,5-кірешек; М. Жүсіп 70, 1,2,3-кірешек; М. Жүсіп 82, 1,2,3-кірешек; М. Жүсіп 64, 1,2,3,4-кірешек; М. Жүсіп 76, 1,2-кірешек; Беркімбаев 95/1, 1-кірешек; Сәтбаев 7, Сәтбаев 9, Сәтбаев 30, 1,2 –кірешек).

50 лифті жоспарлы –сақтандырма ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етілген.

Құрметті кездесу қатысушылары 2011 жылы әкімшілік лифттерді қалпына келтіру Бағдарламасы бойынша өзіне міндеттемесін алған.

2014-жылы біз оларды орындаймыз. Қалған 10 лифтін орнатуға қалалық бюджеттен 65 млн. теңге бөлінген. Үйлердің мекенжайларын атайын:

Западная көшесі, 66, 1-кірешек;

М.Әуезов көшесі, 130А, 1,2- кірешек, 130 Б 1,2- кірешек;

Энергетиктер көшесі, 81, 1-кірешек;83, 1-кірешек;

Энергетиктер көшесі, 44, 1-кірешек;101, 1-кірешек;

Сәтбаев көшесі, 50, 1-кірешек;