Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider

Жаңалықтар

Қар
15

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

2014 жылғы 29 қазандағы «Тендер. Реклама. РК» Республикалық жарнамалық-ақпараттық газетінің № 197 (263) жарияланған № 1,2 лоттарға жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурсы ұсынылған жол бағыттар пакетіне тек қана бір қатысушының өтінімі ұсынылғына орай, өткізілмеген деп танылған.
Қайталама конкурсы 2014 жылғы 15 желтоқсанда сағат 15.00-де 141206, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Строительный көшесі 70 «а», тел.: 8 (7187) 741032, факс: 8 (7187) 775930, электрондық пошта: Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек мекенжайында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез-келген жеке және занды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Строительный көшесі 70 «а» мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-не ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2014 жылдың «27» қарашасы.
2014 жылдың «17» қарашасында сағат 12.00–де конкурстық Комиссия Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Строительная қөшесі 70 «а» мекенжайында конкурсты өткізу мәселесі бойынша конкурс алды конференциясын өткізеді.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 77-59-30

Қар
12

Құрметті қала тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» №856 қаулысына сәйкес, кезектілік тізімдеріне түгендеуді өткізуге байланысты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою бойынша құжаттарды қабылдау жұмыстары ағымдағы жылғы 1-желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 31-наурызға дейін іске асырылмайтын болады.

Бөлім басшысы
Қ. Қасенов

Қаз
29

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурс 2014 жылдың 28 қарашасында сағат 15.00 - де 141206, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Строительный көшесі 70 «а», тел.: 8 (7187) 741032, факс: 8 (7187) 775930, электрондық пошта: Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек мекенжайында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа келесі маршруттар пакеті (маршруттар) шығарылған:
1.№ 1 лот - № 1, 5 маршруттар пакеті;
2.№ 2 лот - № 2, 22 маршруттар пакеті.
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез-келген жеке және занды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Строительный көшесі 70 «а» мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-не ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2014 жылдың «13» қарашасы.
2014 жылдың «31» қазанында сағат 12.00–де конкурстық Комиссия Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Строительная қөшесі 70 «а» мекенжайында конкурсты өткізу мәселесі бойынша конкурс алды конференциясын өткізеді.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 77-59-30


Қаз
21

Хабарландыру

Екібастұз қаласы әкімшілігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің «Екібастұзкоммунсервис» МКК-ны, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін құрастырылған «2015-2019 ж.ж. қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар  Жоспары» жобасын қарастыру бойынша Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Тыңдаулар 2014жылдың  31 қазан күні, сағат 10:00-де, Қонаев көшесі 35 мекен-жайы бойынша өткізіледі.
Тел.: 8(7187)7-50-57. Электрондық поштаның мекен-жайы: Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек