Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Маус
22

Екібастұз қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының, 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару, кәдеге жарату және көмуге арналған тарифтердің Есеп әдістемесін бекіту туралы» № 404 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

Екібастұз қаласы мәслихатының

2017 жылғы «___» ______

№ _________ шешіміне қосымша

 

Екібастұз қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтер

 

р/н

Атауы

Есептік бірлік

 

Бағасы

теңгемен/

айына

1

Тұрмысқа жайлы үйлер тұрғындары үшін ҚҚС–сыз қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтер

1 тұрғын

201,55

2

Тұрмысқа жайсыз үйлер тұрғындары үшін ҚҚС– сыз қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтер

1 тұрғын

367,21

3

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны заңды тұлғалар үшін ҚҚС есепке алмай тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару, және көмуге арналған тариф

1 м3

1656,58

4

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны заңды тұлғалар үшін ҚҚС есепке алмай тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған тариф

1 м3

303,81