Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Қырк
06

Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Екібастұз қалалық мәслихатының жоба шешімін қызығушыларға мәлімдейді

 

ЖОБА

 Екібастұз қаласы бойынша

коммуналдық қалдықтардың

жиналу және пайда болу нормасын

бекіту туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы

№ 219/28 мәслихат шешіміне  

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы 19 – 1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын есептеудің Типтік ережесін бекіту туралы» № 1370 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты, ШЕШТІ:

1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы» № 219/28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің атауында және 1 тармағында қазақ тіліндегі «жиналу және пайда болу нормасын» сөздері «түзілу және жинақталу нормаларын» сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

2) көрсетілген шешім қосымшасы атауының қазақ тіліндегі «жиналу және пайда болу нормасын» сөздері «түзілу және жинақталу нормаларын» сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

 

Қалалық мәслихат хатшысы

 

Сессия төрағасы