Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Қар
29

Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы

ЖОБА

ҚАУЛЫ

Екібастұз қаласында жолаушылар
мен багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 2, 5-тармақтарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау барлық маршруттар үшін бірынғай тариф бір сапар үшін 80 (сексен) теңге көлемінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Екібастұз қаласының әкімі                                  Н. Ашимбетов