Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Нау
14

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурс 2019 жылдың «15» сәуірінде сағат 15.00-де 141206, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб.404 тел.: 8(7187) 741032, 740552, электрондық пошта: Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек мекенжайында қайтадан өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа шығарылды № 6, 66 маршруттар пакеті.

    Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез-келген жеке және занды тұлғалар қатыса алады.
    Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб.407 мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-не ұсынуы тиіс.
    Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2019 жылдың «29» наурызы.
    2019 жылғы «15» наурызда сағат 12.00–де конкурстық Комиссия Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб.404 мекенжайында Конкурсты өткізу мәселесі бойынша конкурс алды конференциясын өткізеді.
    Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 74-05-52