Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Сәу
18

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

2019 жылғы 14 наурыздағы «Отарқа» газетінің № 11, «Голос Экибастуза» газетінің № 11 жарияланған №6, №66 маршруттар пакеті жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурсы ұсынылған маршруттар пакеті тек қана бір қатысушының өтінімі ұсынылғына орай, өткізілмеген деп танылған.
Қайталама конкурсы 2019 жылғы «20» мамырында сағат 15.00-де 141206, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб. 404 тел.: 8 (7187)741032, 740552, электрондық пошта: Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек мекенжайында өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез-келген жеке және занды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб. 407 мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-не ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2019 жылдың «30» сәуірі.
2019 жылғы «19» сәуірінде сағат 12.00–де конкурстық Комиссия Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер қөшесі 62, каб. 404 мекенжайында конкурсты өткізу мәселесі бойынша конкурс алды конференциясын өткізеді.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 74-05-52