Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Сәу
19

Сатып алу жолымен берілетін жалдамалы тұрғын жайға өтініштер қабылдауы

Екібастұз қаласының әкімдігі атынан «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» бағдарламасының  «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағыты бойынша Екібастұз  қаласы, Энергетиктер көшесі,106 мекенжайындағы 180 пәтерді сатып алу жолымен берілетін жалдамалы тұрғын жайға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды, соның ішінде: 1 бөлмелі-72, 2 бөлмелі-72, 3 бөлмелі -36 (ай сайынғы жалдамалы төлем пәтердің шаршы метіріне байланысты, 1 бөлмелі пәтерге  – 31 535-тен 35 078 теңгеге дейін, 2 бөлмелі пәтерге-46 328 теңгеден – 52 971 теңгеге дейін, 3 бөлмелі пәтерге – 67 493 теңгеден 69 270 теңгеге дейін).

Жалдамалы тұрғын жай  ЖАО кезекте  тұрған мына санаттағы  азаматтарға беріледі:
-көпбалалы отбасылар;
-толық емес отбасылар;
-мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
-жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-оралмандар;
-1 және 2-топтағы мүгедектер;
-мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері,бюджеттік ұйымдардың азаматтары.  
Жалдамалы үй алудан үміткерлер  келесі құжаттарды ұсынады:
      1 ) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері (түпнұсқа және көшірмелері);
      2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің (түрнұсқа жәнекөшірмелері);
      3) ) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама;
4) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
5)жылжымайтын мүлікке тіркелген  құқықтар және оның сипаттамалары  туралы анықтама ( үлестің болуы, саман және қамыс үйлердің, жатақханада бөлменің болуы) және  осы жағдайларда құқықтық  туындайтынын  рас-тайтын құжаттар;
6) Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі;
7) соңғы 12 ай ішіндегі еңбек ақы туралы мәлімет (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары – жәрдем ақы, зейнет ақы  т.б., мемілекеттік қызметкер, әскери қызметкер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері – жалақысы тұралы анықтама);
8) өз қаражатына және (немесе) несиелік қаражатқа тұрғын үйді сатып алуға әзірлігі туралы анықтама;
9) қай санатқа жататындығын растайтын құжат ( толық емес отбасылар – некені бұзу туралы куәлік, әкелікті белгілеу, анасының сөзінен жазылған  анықтама, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар- мүгедектік туралы анықтама; мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, бюджеттік ұйымдардық қызметкерлері – жұмыс орнынан анықтама; оралмандар –оралман куәлігі) ;
10) Электронды-цифрлы қолының болуы (ЭЦҚ).
Бағдарламаға арыз берушілерді таңдау есепке қою мерзімі бойынша пәтердің санына байланысты жүргізіледі.
Төлеу қабілеттілігін  дәлелдей алмаған жағдайда, таңдау алдын ала тізімге енгізілген келесі арыз берушілер арқылы іске асатын болды.
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алған қатысушылартұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылады.
Өтініштер 2019 жылғы 22 сәуірден бастап 17 мамыр қоса алғанда түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін,мекенжай:  Екібастұз қаласы қаласы,  Энергетиктер к-сі, 62, 410 каб.
Төлеу қабілеттілігінен өту туралы ақпарат «Байтерекдевелопмент» АҚ  http://baiterekdevelopment.kz/ru/ сайтына орналастырылатын болады.