Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider

Жаңалықтар

Шіл
30

Жоба. Екібастұз қаласының аудандық маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы қаулы

Жоба


Екібастұз қаласының аудандық маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы қаулы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұсынылған тізімін бекітсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шіл
30

Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» № 219/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 19-1 - бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» № 219/28 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Мам
04

Пресс - релиз

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық мүдделі тұлғаларды «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарыныңқоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ мен ШЕШІМ жобасы әзірленгені жөнінде хабарлайды.

Сәу
09

Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

ЖОБА

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы