Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider

Жаңалықтар

Қаз
16

2014 жылғы 11 қазандағы Екібастұз қаласы және ауылдық аймақтарында абаттандыру және санитарлық тазалығы бойынша Сенбілікті өткізу жөніндегі
Ақпарат

Облыстың елді мекендерін санитарлық тазалығы бойынша жалпы облыстық Сенбілікті өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының шеңберінде Екібастұз қаласында ағымдағы жылдың 11 қазанында жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Сенбілікке іргелес аумақтарды санитарлық тазалауға кәсіпорындар ұжымдарының, шағын бизнес субъектілерінің шығуы ұйымдастырылды.
Тұрғын халықтың кондоминиум нысанын басқару органдары басшыларымен бірігіп оралымішілік аумақтарды тазалау бойынша, абаттандыру элементтерін, кірешектерді жөндеу және сырлау бойынша жұмыстарға қатысуы ұйымдастырылды.
Іс -шаралар жоспарлары және көшелерді кәсіпорындар мен ұйымдарға және қаланың мемлекеттік мекемелеріне тіркеу әзірленіп, бірінші кезектегі міндеттер анықталған.
Сенбілікке мектеп орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының ұжымдарының шығуы үшін ірі кәсіпорындар, ірі және орта бизнес кәсіпорындары басшылары, қаланың жоғары және орта оқу орындарының басшыларымен мәжіліс өткізілді.
ТҮКШ бөлімінің бақылауында мердігерлік ұйымдар күшімен көше-жол желісінің сапалы тазалануы.
Байқап-тексеру нәтижесі бойынша қаланың көшелері және шеттерінде, оралымішілік аумақтарда рұқсат етілмеген және стихиялық қоқыс орындары анықталды.
Сенбілік барысында 15 бірлік есебінде рұқсат етілмеген және стихиялық қоқыс орындары жойылған, жалпы алғанда, 160 м3 жуық қоқысы шығарылды.
Қала және елді мекендер бойынша меншік нысанына байланыссыз, 725 жуық ұйымдар мен кәсіпорындар тартылған, соның ішінде СНП- 29 бірлік, ЖОББМ -47 бірлік, ББ -28 бірлік, ПИК, ЖИК-33 бірлік, ірі кәсіпорындар -21 бірлік, қоғамдық бірлестіктер-8 бірлік, мәдениет нысандары -15 бірлік, денсаулық сақтау мекемелері-8 бірлік, дербес мемлекеттік мекемелері -13 бірлік, құқық қорғау органдары-5 бірлік, банкілер- 10 бірлік, коммуналдық кәсіпорындар -8 бірлік, әрі 500 астам орта және шағын бизнес субъектілері (кафе, мейрамханалар,нарықтар, базарлар, сауда орталықтары, тұрақтар, қонақ үйлер, АЗС, СТО, дүкендер, салондар және т.б.) 14570 жуық адам қатысқан, толығымен 145 астам техника бірлігі пайдаланылған.
Бұдан басқа білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінен қоқысты шұғыл шығару үшін кондоминиум нысанын басқару органдарымен 40 астам техника бірлігі тартылған.
2356 тыс.м2 алаңындағы елді мекендер шеттері мен үйішілік аймақтары тәртіпке келтіріліп, 5,4 тыс.тоннаға жуық қоқысы мен тұрмыстық қалдықтары шығарылды.
2014 жылғы 11 қазандағы жалпықалалық сенбілікте 259 дана ағаштар мен бұталы өсімдіктер отырғызылды, соның ішінде:
«Б.Нуржанов атындағы МАЭС -1 » АҚ 50 дана, Королев көшесіндегі «Энергоуправление» ЖШС 100 дана, «Шахтер» саябағында көшеттер, «Казахтелеком» санитарлы-қорғалған аймағында 64 дана, Екібастұз политехникалық колледжі 15 дана, саженцев на территории Солнечный поселкесінің аумағында- 50 дана көшеттер отырғызылды.
Аумақтары тазалау өндірілді және 11 дана есебінде ескерткіштер, обелисктер, стеллалардың жөндеу жұмыстары өндірілді. 10500 м2 алаңында оларға іргелес саябақтар мен шағын бақтар аумақтары тәртіпке келтірілді.
Сенбілікті өткізу жөніндегі шақырулар БАҚ қамтамасыз етілген және жарияланған: 2014 жылғы 09 қазандағы «Отарка» газетінің №40 саны, 2014 жылғы 09 қазандағы «Голос Экибастуза» газетінің №40 сандарында.
Сенбілік іс-шараларын өткізгеннен кейін мамандандырылған қызметтермен бірігіп қалған қоқысты толығымен жинастыру мен шығару қамтамасыз етілді.
Қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жалғасуда, қала кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарына оларға тіркелген аумақтарда апта сайын «таза жұмаларды» өткізу ұсынылды.

Маус
19

Екiбастұздың қаласын әкiмдiктiң қаулысы

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Екібастұз қаласы мәслихатының келісімімен 2014 жылдың 4 маусымдағы Екібастұз қаласы әкімдігінің №611/6 қаулысы бойынша барлық қалаішілік бағыттардың жол ақысы 55 теңге көлемінде белгіленеді.

Жол ақы құны зейнеткерлер, 3 топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы аналар, 1 сынып (7 жасқа толған) - 11 сынып оқушылары үшін толық жол ақы құнының 50% пайызын – 27 теңге құрайтын болады.

Екібастұз қаласында жолаушылармен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

ЖОБА

ҚАУЛЫ


Екібастұз қаласында жолаушылармен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 2, 5-тармақтарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бір реттік жүрісіне бірыңғай тариф барлық маршруттар үшін 55 (елу бес) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Екібастұз қаласының
әкімі

     А. Вербняк

 

Ескертпе: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес жергілікті органға келісуге жіберілді.

Ақп
18

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

2013 жылғы 11 шілдеде « Казахстанская правда » газетінде жарияланған. 
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңы. Осы өзгертулермен жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне тең дәрежеде тұрғын үй берілу басымдылығы қарастырылған.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 74-бабына сәйкес: 
1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi. 
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармаќшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, бөлек тізімдер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үйлер бөлуді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер бөлуді, егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бөлек тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тізімдерінің санына пропорционалды түрде жүргізеді.
3. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. 
4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардыңмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары:
11) толық емес отбасылар жатады.